Коммунальное государственное учреждение Карагандинский горно - индустриальный колледж Управление образования Карагандинской области
Қарағанды облысының білім басқармасының Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приёмная 8 (7212) 457 356
Учебная часть 8 (7212) 460 104
Бухгалтерия 8 (7212) 459 629
Адрес: Магнитогорская 24
строение 1

Колледж тарихы

Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі 1940-шы жылы негізі қаланды. 80 жылдан астам өзіміздің мамандарымызды оқытып шығарып және жұмысқа орналастырып жатырмыз. Біздің оқу орнымыз кәсіптік техникалық училищеден тау-кен индустриалдық колледжге дейін даму жолынан өтті. Бізден тек жұмысшы мамандығын ғана емес, сонымен қатар орты буынды мамандығын, атап айтқанда: техник-механиктер және техник-құрылысшы мамандықтарын алып шығады.

 

Біздің колледжде оқыту 9-сыныптан кейін мына мамандықтар бойынша жүргізіледі:

1.Автоматтандыру және басқару

2.Пісіру ісі (түрлері бойынша)

3.Тау-кен электромеханикалық жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет ету

4.Электр және электрмеханикалық жабдықтары (түрлері бойынша)

5.Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

 

11-сыныптан кейін мына мамандықтар бойынша жүргізіледі:

1.Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

2.Ішкі санитарлық-техникалық құрылғылар мен вентиляцияны монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)

 

Бізде заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған:

1.Оқу шахтасы

2.Электромеханикалық жабдықты монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу зертханасы.

3.Кен автоматтандыру зертханасы.

4.Электргаздәнекерлеу жұмыстарының оқу шеберханасы.

5.«Дәнекерлеу технологиялары» құзіреттілік орталығы

6.Сәндік-әрлеу құрылыс жұмыстарына арналған оқу шеберханасы

7.Құрылыс материалдарын сынау бойынша зертханасы

8.Кәсіптік және жалпы білім беру пәндері кабинеттері

9.Спорт залы, акт залы

10.Кітапхана және оқу залы

11.Асхана

 

Біздің жетістіктеріміз:

 

Біздің колледж студенттері ең беделді «WorldSkills» байқауына  және  жобаларды іске асыруға қатысады:

2019 ж. Колтаков Никита «Дәнекерлеу технологиялары» құзіреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатында бірінші орын иеленді

2019 ж. Корт Петр «Электрмонтаждаушы» құзіреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатында үшінші орын иеленді  

2019 ж. Виктор Борисенко «Құрғақ құрылыс және сылақ» құзіреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатында үшінші орын

2019 ж. Александр Шуберт «Плитка төсеу» құзіреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатында үшінші орын

2018 ж. Ануар Ыскаков «Дәнекерлеу технологиялары» құзіреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатында бірінші орын иеленді

2018, 2016, 2014 жж. Тау-кен ісі бойынша іскерлік тәжірибеден облыстық конкурстарда колледж студенттері жүлделі орындарға (1,2 орындар) ие болды

 

Біздің әлеуметтік серіктестеріміз:

 

1.«Имсталькон» - Қарағанды металл құрастыру зауыты» ЖШС

2.«Аспап» Өндірістік кооперативі

3.«АрселлорМиталл Теміртау» Көмір департаменті» АҚ

4.«Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС

5.«Жылу монтажы – 2» ЖК

6.«Құрылыс және К» ЖК

7.«West» Құрылыс фирмасы



© 2015 КГУ «Карагандинский горно - индустриальный колледж» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»